«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын іске асыру туралы

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 21/3 шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары, № 21/4 шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидалары бекітілді.

          Жергілікті бюджеттен қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды бірдейлендіруге және стерилизациялауға қаражаты бөлінді.

          2022 жылғы 26 қыркүйекте мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша «Стерилизациялау қызметтері» жеңімпаз болып «Центр ветеринарной хирургии Пегас» ЖК, «Қаңғыбас жануарларды бірдейлендіру» жеңімпаз болып «AnimalStat» ЖШС анықталды.

          14 бас қаңғыбас жануар чиптелді және стерилизацияланды (кастрацияланды). Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.

          Облыста жануарларды есепке алу жөніндегі «TANBA» ақпараттық сервисі жұмыс істейді. Бұл жүйеде жануарларға қарау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын 9 ұйым тіркелген (6 ветеринариялық клиника, 2 аулау қызметі, 1 зооқорғау ұйымы). Үй жануарларын есепке алу қағидаларына сәйкес 29 үй жануары есепке қойылды (иелері бар 15 жануар, 14 қаңғыбас жануар).  

Аудандар мен Петропавл қаласының әкімдіктері жануарларды уақытша ұстау пункттерін салу үшін жер учаскелерін бөлу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта Қызылжар ауданының Бескөл ауылында ауданы 0,19 га жер учаскесі бөлініп, «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы жануарларды уақытша ұстау пунктінің құрылысы» эскиз жобасы әзірленді. Тайынша ауданының Тайынша қаласында жануарларды уақытша ұстау пунктін салу үшін жер учаскесі анықталды, Аққайың ауданының Смирнов ауылында және Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласында жануарларға арналған панажайлар салу үшін жер учаскелері анықталды. Қалған аудандарда жануарларды ұстау пункттерін салуға жер учаскелерін бөлу мәселесі жер комиссияларының отырыстарында қаралатын болады.

          Облыста жануарларды қорғау мәселелері бойынша зоологиялық қорғау ұйымдарының өкілдерімен өзара іс-қимыл ұйымдастырылған, оның ішінде БАҚ пен әлеуметтік желілерде кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылған.

          Ресми интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде жануарларға жауапкершілікпен қарау, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидалары туралы 45-ке жуық ақпараттық материал орналастырылды. Басқарманың ресми интернет-ресурсында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» қосымша беті құрылды

          Қазіргі уақытта облыста 3 жекеше панажай бар және жұмыс істейді, оның ішінде Петропавл қаласында – 2 («Белый Бим», сыйымдылығы 400 ит, «Исаков Андрей» ЖҚҚ, сыйымдылығы 300 мысық, 500 ит), Қызылжар ауданы Вишневка ауылында –                      1 («Шанс на жизнь», сыйымдылығы 500 ит). Сонымен қатар, Петропавл қаласында                 2 зооқорғау ұйымы бар («Верный друг» қоғамдық қайырымдылық қоры, «Фауна» жастар қоғамдық бірлестігі). Ынтымақтастық туралы 3 меморандум жасалды. Телеграмм чат құрылды.

          Петропавл қаласының аумағында үй жануарларын стерилизациялау, вакциналау және чиптеу бойынша қызметтер көрсететін 7 ветеринариялық клиника жұмыс істейді:

          - «Надежда» ветеринариялық клиникасы, Жабаев көшесі, 156, телефоны 39-70-65;

          - «Айболит» ветеринариялық клиникасы, Интернациональная көшесі, 21,              телефоны 36-35-89;

          - «Центр ветеринарной диагностики и терапии «Верный друг» ЖШС,                       Васильев көшесі, 123, телефоны 87776076843;

          - «Городская ветеринарная клиника» ЖШС, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 130, телефоны 46-78-78;

          - «Ветеринарный центр» ЖШС, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 121, телефоны 37-37-91;

          - «ВетЛекарь» ветеринариялық клиникасы, Тепловское лесничество көшесі, 33, телефоны 87713888111;

          - «Центр ветеринарной хирургии Пегас» ЖК, Батыр Баян көшесі, 56А, телефоны 87478488482.

          Облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің деректері бойынша 2022 жылғы 9 айдың ішінде ит тістеген 753 адам құтыруға қарсы емдеу-профилактикалық вакцинасын егуге жүгінді (алды).

          Бүгінгі күні облыс аумағында азаматтардың ит тістеуінен қаза болу жағдайлары тіркелген жоқ.

          Заңды іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда.

Дата публикации
17 ноября 2022