Жануарларды есепке алудың «TANBA» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу жөнінде оқыту

2022 жылғы 2 наурызда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңы қолданысқа енгізілді. Заң нормаларын іске асыру үшін жануарларды есепке алуға, вакциналау мен стерилизациялауға, жануарларды ұстауға және серуендетуге, тасымалдауға, панажайларды есепке алуға, қоғамдық бақылау жүргізуге және т.б. қатысты қағидалар бекітілді.

Бекітілген Қағидалар үй жануарына жеке нөмір беру, оның иесі, тұрғылықты жері, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар және басқалары туралы мәліметтерді міндетті тіркеу бойынша процестерді цифрландыруды ұсынады.

2022 жылғы 5 және 14 қазанда аудандар мен Петропавл қаласы ветеринариялық станцияларының директорлары, аулау қызметінің жауапты мамандары, сондай-ақ Петропавл қаласының ветеринариялық клиникалары үшін жануарларды есепке алудың «TANBA» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу жөнінде онлайн оқыту вебинарлары өткізілді.

          Іс-шара барысында «1cert» ЖШС компаниясының мамандары әзірлеген жануарларды есепке алудың «TANBA»  ақпараттық жүйесі таныстырылды.

          Бұл ақпараттық сервис үй жануарларын есепке алу, қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастыру, жануарларға арналған панажайлардың есебін жүргізу, жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлардың куәліктерін беру жөніндегі             іс-қимылдарды жүзеге асыру үшін әзірленген.

          Таныстырылым барысында әзірлеушілер жүйеде тіркелу, мемлекеттік орган қызметкерінің кабинетін, жануар ұсталатын орын иесінің кабинетін құру, ұйым туралы, уәкілетті тұлға, қызметкерлер туралы мәліметтерді тіркеу тәртібі жайында айтып берді. Ветеринариялық клиникалардың мамандары үшін үй жануарларын есепке алу және тіркеу тәртібі, үй жануарлары бойынша ветеринариялық және профилактикалық іс-шаралар, жануарларды ұстау орындарының тізілімдерімен жұмыс, чип өндірушілер, вакциналардың виртуалды қоймасы туралы егжей-тегжейлі айтылды.

          Семинар қорытындысы бойынша ақпараттық жүйені әзірлеушілер семинарға қатысушылардың сұрақтарына толық жауап берді№

Дата публикации
14 ноября 2022