"Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды жүргізу, сондай-ақ жеке тұлғаларға жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлар куәліктерін беру туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 170 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2026 жылғы 28 тамыздағы № 184 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 31 тамызда № 39742 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды жүргізу, сондай-ақ жеке тұлғаларға жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлар куәліктерін беру қағидаларында:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылау – "Қоғамдық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және нысандарда, Заңда және осы Қағидаларда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылатын қоғамдық бақылау субъектілерінің қызметі;";
2-баптың 4) тармағындағы "ақпараттық-коммуникациялық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен алмастырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды жарғысында жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыру көзделген қоғамдық инспекторлар мен коммерциялық емес ұйымдар "Қоғамдық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Заңда және осы Қағидаларда көзделген тәртіппен және нысандарда жүзеге асырады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Қоғамдық инспектор уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне және жергілікті атқарушы органдарының астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік заңды тұлғалар (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың алдын алу және анықтау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге, сондай-ақ халықтың жануарларға адамгершілік және ізгілікті қарауын тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асыруға жәрдем көрсету кезінде мынадай қоғамдық бақылау объектілерінде қоғамдық бақылау жүргізеді:
1) жануарларға арналған оңалту орталығы;
2) аулау қызметі;
3) байланыс зообағы;
4) жануарларға арналған панажайлар;
5) зоологиялық питомниктер;
6) зоологиялық қонақ үйлер;
7) жануарларды уақытша ұстау пункттері;
8) көшпелі хайуанаттар көрмелері;
9) цирктер;
10) зоопарктер.
Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде қоғамдық инспекторлар мен жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы коммерциялық емес ұйымдарға жануарларды уақытша ұстау пункттерінің, жануарларға арналған панажайлардың және жануарларға қарау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың аумағына және үй-жайларына қол жеткізу қамтамасыз етіледі. "Қоғамдық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен, қауіпсіздік талаптары және қоғамдық бақылау объектісінің белгіленген жұмыс режимі сақтала отырып қамтамасыз етіледі.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Қоғамдық бақылау объектісінің аумағында болған кезде барлық келушілер үшін белгіленген талаптар қоғамдық инспекторларға және жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы коммерциялық емес ұйымдарға қолданылады.".
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде орындалуы туралы ақпараттың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы |
|
|
Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. |
Н. Шарбиев |