«Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы
28 қыркүйектегі № 21/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Көрсетілген шешімге қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы |
|
В.С. Бубенко |
Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихатының
2026 жылғы ___________ № ___
шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының
2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 21/4 шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидалары
аулау қызметі – жануарларды аулаумен, уақытша ұстаумен және жансыздандырумен айналысатын, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік заңды тұлғалар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
1) жануардың иесі - жануар меншік құқығымен немесе өзгедей заттық құқықпен тиесілі болатын жеке немесе заңды тұлға;
2) жануарларға арналған панажай – тіршілігі мен саулығына қатер төндіретін жағдайға ұшыраған жануарларды, қараусыз қалған және иесіз жануарларды, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тәркіленген үй жануарларын (компаньон-жануарларды) ұстауға арналған және жабдықталған мүліктік кешен;
3) алып тасталды;
4) жануарларды уақытша ұстау пункті – табылған, ауланған қараусыз қалған және иесіз жануарларды, ұстаудан бас тартуына байланысты иелері немесе жауапты адамдар берген, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тәркіленген үй жануарларын (компаньон жануарларды) уақытша ұстауға әдейі арналған және жабдықталған мүліктік кешен;
5) жануарды эвтаназиялау (бұдан әрі – эвтаназиялау) – жануардың ауырсынуын және физикалық қиналуын болғызбай оны дәрі-дәрмекпен жансыздандыру;
6) иесіз жануарлар – иесі жоқ немесе үй жануарлары есебіне алынбаған иттер мен мысықтар;
7) қараусыз қалған жануарлар – ұстау орнынан тыс жерде және жануардың иесі және (немесе) жауапты адам тарапынан бақылаусыз қалған жануарлар;
8) алып тасталды;
9) алып тасталды;
10) үй жануарларын есепке алу жөніндегі деректер базасы (бұдан әрі - деректер базасы) – үй жануарының жеке нөмірі туралы, диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, оны ветеринариялық өңдеу туралы, жеке тұлғаның тұрғылықты жері немесе заңды тұлғаның орналасқан орны, иесіне тиесілі үй жануарлары ұсталатын немесе тасымалданатын жылжымайтын мүлік объектілері мен көлік құралдары, жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігі туралы ақпарат, жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырған үй жануарларын иелену тарихы туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін электрондық деректер базасы;
11) үй жануарларын есепке алу - үй жануарына жеке нөмір берілгені, оның иесі мен тұрғылықты жері және жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар туралы мәліметтерді міндетті тіркеу;
12) шұғыл ден қою шаралары – адамның, жануарлардың қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және (немесе) адамның өміріне немесе денсаулығына, жануарлардың тіршілігіне немесе саулығына және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүлкіне қатер төнуін болғызбау мақсатында жануарлардың агрессия көрсетуін дереу тоқтатуға және (немесе) оның салдарын барынша азайтуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы, оның ішінде әрекеттер.
12-1. Шұғыл ден қою шараларын астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларына сәйкес ұйымдастырады.
13-1. Ауланған жануар уақытша ұстау пунктіне немесе жануарларға арналған панажайға жеткізілген кезде үй жануарларын есепке алу бұйымдарының (құралдары) болуы, сондай-ақ үй жануарларын есепке алу дерекқорында жануардың иесі және (немесе) жауапты адам туралы мәліметтердің болуы тексеріледі.
25-1. Иесіз жануарлардың санын реттеу кезінде жансыздандыруға мысықтарды қоспағанда, жануарды уақытша ұстау пунктіне өткізгеннен кейін үш тәулік өткен соң иесіз жануарларға қатысты рұқсат етіледі.
25-2. Мысықтарды қоспағанда, жануарларға арналған панажайларға және (немесе) жануарларды уақытша ұстау пункттеріне түскен қараусыз қалған жануарларды, егер мұндай жануарлар ауру болса, негізсіз агрессия көрсетсе, иесі немесе жауапты адам, сондай-ақ өзге де жеке немесе заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген мерзімдер өткен соң жайластырмаған және қажет етпеген жағдайда жансыздандыруға жол беріледі.
|
|
Жануарларды аулау, уақытша |
|
|
ұстау және жансыздандыру |
|
|
қағидаларына |
|
|
қосымша |
|
|
Нысан |
Жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қызметі қызметкерінің куәлігі
Тозуға төзімді көп қабатты материалдан жасалған куәліктің көлемі 5,4х8,5 сантиметр.
|
Жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қызметі қызметкерінің куәлігі (1) |
|
Ұйым атауы (2) |
|
|
|
|
|
|
|
Тегі, аты, әкесінің аты |
|
Берілген күні: ______ ж. ______ (7) |
|
Қоданылу мерзімі __________ ж. (8) |
|
Осы құжаттың түпнұсқалығын ақпараттық жүйе арқылы тексере аласыз (9) |
1-жол – «Жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қызметі қызметкерінің куәлігі» құжатының атауы көрсетіледі;
2-жол – жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қызметінің қызметкері жұмыс істейтін ұйымның атауы көрсетіледі;
3-жол – ақпараттық жүйеде жинақталатын және қалыптастырылатын куәліктің бірегей сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
4-жол – көлемі 3,0х3,0 сантиметр ақпараттық жүйеде автоматты түрде жинақталатын QR-код түріндегі куәліктің бірегей сәйкестендіру нөміріне арналған орын;
5-жол – жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қызметі қызметкерінің өлшемі 3х4 сантиметр фотосуретіне арналған орын;
6-жол – жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қызметі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі;
7-жол – ЖЖЖЖ.КК.АА. форматы бойынша куәліктің берілген күні көрсетіледі;
8-жол – ЖЖЖЖ.КК.АА. форматы бойынша куәліктің қолданылу мерзімі көрсетіледі;
9-жол – «Осы құжаттың түпнұсқалығын ақпараттық жүйе арқылы тексере аласыз» деген жазу көрсетіледі.