«Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында
үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы
28 қыркүйектегі № 21/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Көрсетілген шешімге қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы |
|
В.С. Бубенко |
|
|
|
|
Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихатының
2026 жылғы ___________ № ___
шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының
2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 21/3 шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында
үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары
1) жануардың иесі – жануар меншік құқығымен немесе өзгедей заттық құқықпен тиесілі болатын жеке немесе заңды тұлға;
2) жауапты адам – жануар иесінің осы Заңда белгіленген құқықтары мен міндеттерін жануар иесінің жазбаша тапсырмасы бойынша өзіне алатын адам;
3) иттерге арналған үйрету алаңы – иттерді үйрету үшін арнайы бөлінген, жаттығуға арналған арнаулы құралдармен жабдықталған қоршалған аумақ;
4) үй жануарлары (компаньон жануарлар) (бұдан әрі – үй жануарлары) – қай түрге жататынына қарамастан, адамның эстетикалық қажеттіліктері мен қарым-қатынас қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін дәстүрлі түрде асырайтын және өсіретін жануарлар;
5) үй жануарларын серуендету – жануар иесінің және (немесе) жауапты адамның жануарды ұстау орнының шегінен тыс жерге шығаруды көздейтін және жануардың қозғалыс белсенділігіне, табиғи қажеттіліктерін атқаруға деген физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әрекеттері;
6) үй жануарларының (иттердің) еркін жүруі – иесі болған кезде жануардың тұмылдырықсыз және қарғыбаусыз ұстау үй-жайынан немесе аумағынан тыс жерде, арнайы бөлінген аумақтарда, иттерді серуендетуге арналған алаңда немесе жануардың табиғи дене және физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін үйрету алаңында болуы;
7) үй жануарларының өз бетінше серуендеуі – үй жануарларының ұстау орнынан тыс жерде жануар иесінсіз және (немесе) жауапты адамсыз өз бетінше болуы;
8) ұстау орны – жануардың иесі және (немесе) жауапты адам пайдаланатын, жануар ұсталатын ғимараттар, құрылыстар, құрылысжайлар, үй-жайлар немесе жер учаскелері.
1) үй жануарларын күтіп-бағу жағдайлары олардың биологиялық, түрлік және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келуге, олардың табиғи қажеттерін қанағаттандырады;
2) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес үй жануарлары ауруларының профилактикасын, диагностикасын, оларды емдеуді және жоюды қамтамасыз ету болып табылады.
1) Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау және денсаулық сақтау салаларындағы заңнамасының талаптары бұзылған кезде қоғамдық орындарда, ұстау орындарында;
2) ортақ пайдаланылатын орындарда (баспалдақ алаңдары, жертөлелер, шатырлар, шектес балкондар, лоджиялар және ортақ пайдаланылатын қосалқы үй-жайлар);
3) үй маңындағы аумақтарда (жеке тұрғын үйлердің үй маңындағы аумақтарынан басқа);
4) асүйлер мен жатақхана дәліздерінде.
8-1. Үй жануарының иесі немесе жауапты адам осы аумаққа кіреберісте жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарының бар екендігі туралы ескерту жазбасын орналастырады.
1) жануарды үй жануарларына арналған панажайға уақытша күтіп-бағуға орналастырады;
2) үшінші адамдарға уақытша күтіп-бағуға береді;
3) зоологиялық жатынжайға орналастырады.
Үй жануарын жануарларды уақытша ұстау пунктіне берген кезде үй жануарының иесі немесе жауапты адам жануардың заңды тағдыры айқындалғанға дейін оны күтіп-бағуды қамтамасыз етеді.
11-1. Жануардан бас тарту басқа адам оған меншік құқығын иеленгенге, үй жануары жануарларға арналған панажайға берілгенге не оны жануарларды уақытша ұстау пунктіне берген кезде жануардың заңды тағдыры айқындалғанға дейін үй жануары иесінің немесе жауапты адамның үй жануарына қатысты міндеттерінің тоқтатылуына алып келмейді.
Үй жануарларын серуендету кезінде иелері мен жауапты адамдар мынадай талаптарды сақтайды (ерекше жауапкершілікті талап ететін үй жануарларын қоспағанда):
1) ит қоғамдық орындарда 2 (екі) метрден аспайтын қарғыбауда болуы керек;
2) тұмылдырық итке оны тасымалдау кезінде, адамдар көп жиналатын жерде, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар, мекемелер белгілеген орындарда кигізіледі;
3) магистральдар маңындағы көшелер арқылы өту кезінде жол-көлік оқиғаларын және жолдың жүріс бөлігінде оның өлуін болдырмау үшін үй жануарына 1,5 (бір жарым) метрден аспайтын қысқа қарғыбау тағылады;
4) иесі итті ғимараттың жанында осы ғимараттың ішінде болған уақытында өздігінен шешілмейтіндей 1,5 (бір жарым) метрден аспайтын қысқа қарғыбаулы тұмылдырықпен байлаулы қалдыра алады;
5) иттерді серуендетуге тыйым салынған жерлерде ит иесі немесе жауапты адам итті айналасындағыларға қауіп төндірмей, тұмылдырықпен және 1,5 (бір жарым) метрден аспайтын қысқа қарғыбаумен аумақты кесіп өтуіне болады;
6) иттерді еркін серуендетуге арнайы бөлінген аумақтарда, алаңда иттерді еркін серуендетуге жол беріледі.
Иттерді серуендетуге тыйым салынатын орындар тиісті белгімен белгіленуге тиіс.
1) иттердің еркін жүруіне;
2) өздерінің мінез-құлқын ұстауға қауқарсыз, оның ішінде алкагольден, есірткіден, уытқұмарлықтан мас күйдегі адамдарға үй жануарларын серуендетуге және олармен қоғамдық орындарда және көлікте бірге болуға;
3) әкімшілікпен келісім бойынша спорттық және өзге де іс-шаралар ұйымдарын қоспағанда мектепке дейінгі балалар, білім беру, дене шынықтыру-спорт және медициналық, емдеу ұйымдарының, мәдениет ұйымдарының, балалар және спорттық ойын алаңдарының аумақтарында және үй жануарларын серуендетуге тыйым салу белгілері орнатылған аумақтарда үй жануарларын серуендетуге;
4) адамдарға шомылуға рұқсат етілген аумақта, тоғандарда, фонтандар мен су қабылдағыштарда үй жануарларын шомылдыруға және жуындыруға рұқсат етілмейді.
17-1. Коммерциялық, коммерциялық емес, діни ұйымдардың, балалар, медициналық немесе білім беру ұйымдарының аумағында үй жануарларының болуын және оларды күтіп-ұстауды осы ұйымдар мен мекемелердің меншік иесі (әкімшілік) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.