«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» КММ «Мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V Заңының 36-бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрi мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекiтiлген мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк жобаларын жоспарлау және iске асыру қағидаларының 77-тармағына сәйкес, Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы «Бескөл орта мектеп-гимназиясы» КММ мүлкiн «Бескөл мектеп-интернат-колледжi» Бiрiктiрiлген бiлiм беру ұйымын жаңғырту және құру үшiн сенiмгерлiк басқаруға беру» мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк жобасын iске асыруға жеке әрiптестi таңдау жөнiнде ашық конкурс өткiзiлетiнi туралы хабарлайды.
Конкурсқа конкурстық құжаттаманың «Бiлiктiлiк iрiктеу» бөлiмiнде көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына жауап беретiн барлық әлеуеттi қатысушылар жiберiледi.
Конкурсқа қатысу және конкурсты ұйымдастырушыға ұсыну үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi мен әлеуеттi қатысушыларға қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада көрсетiлген.
Конкурстық құжаттама көшiрмесiнiң пакетiн жұмыс күндерi сағат 9-00-ден 13-00-ге дейiн және 14-30-дан 18-30-ға дейiн Қазақстан Республикасы Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесi, 58-үй, № 511кабинеттен осы конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап алуға болады.
Конкурстық құжаттама көшiрмесiнiң пакетi тегiн берiледi.
Конкурсқа қатысуға конкурстық өтiнiмдердi, сондай-ақ конвертке салынған бiлiктiлiк iрiктеу үшiн құжаттарды әлеуеттi қатысушылар Қазақстан Республикасы Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесi, 58, «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» КММ-де № 511кабинетте қолма-қол алуға болады. Әлеуеттi жекеше әрiптестiң қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды ұсыну мерзiмi — Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 2020 жылғы 14- қыркүйек сағат 16.00-ге дейiн.
Конкурсқа қатысуға конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi- 2020 жылғы 21- қыркүйек Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 16.00-ге дейiн.
Конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу Қазақстан Республикасы Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесi, 58 Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 2020 жылғы 22-қыркүйек сағат 16.00-де № 611 кабинетте жүзеге асырылады.
Әлеуеттi жекеше әрiптес (оның уәкiлеттi өкiлi) конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн қағаз немесе электрондық жеткiзгiште байланыс жасайтын тұлғадан: «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» КММ материалдық базаны нығайту және дамыту жөнiндегi бөлiмнiң бас маманы Дамир Серiкұлы Кәкiмовтен ала алады, тел.: 8-715-2-46-36-72.
Анықтамалық ақпаратты «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» КММ 8-715-2-50-16-53 телефондары арқылы алуға болады.