Көру қабілеті бұзылған балалар үшін әлемге есік ашамыз

Көру қабілеті бұзылған балалар үшін әлемге есік ашамыз

«Әлемді ашамыз: балабақша – мектеп – ресурстық орталық» жобасының аясында «Дара» және «Bayer KAЗ» ЖШС қорының қолдауымен Петропавл қ. «Солнышко» бөбекжай-бақшасының және № 44 орта мектебінің ұстаздары үшін, сонымен қатар ППТК, ПМПК, ЕБҚ ететін балаларды қолдау кабинеттерінің мамандары үшін 18-19 қараша күндері оқыту семинар-практикумы өтті.

Семинар бағдарламасында еліміздің жетекші тифлопедагогтермен көру қабілеті бұзылған балалармен жұмыстың әртүрлі аспектілері бойынша шеберлік сабақтары өткізілді, іс-шаралар көру қабілеті бұзылған балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаумен оқытудың арнайы жағдайларын анықтауға бағытталған, сондай-ақ жұмыс барысында осы бағыттағы өзекті мәселелер қаралды.

Семинар соңында педагогтер көру қабілеті бұзылған балалармен жұмыс істеуде консультативтік-әдістемелік көмек алды, көру қабілеті бұзылған балалармен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын игерді, кәсіби құзыреттілігін дамытты.