
TESOL — басқа тiл иелерiне арналған ағылшын тiлi мұғалiмдерiнiң Халықаралық ассоциациясы. Бұл екiншi немесе шет тiлi ретiндегi ағылшын тiлi мұғалiмдерiне арналған ең iрi кәсiби ұйым. Ол 1966 жылы құрылып, Америка Құрама Штатында Вирджиния штаты Александрияда орналасқан. Жыл сайын TESOL АҚШ әр түрлi қалаларында әлемнiң әр түкпiрiнен мыңдаған мұғалiмдердiң басы қосылатын конференциялар ұйымдастырады.
Биыл TESOL Халықаралық конференциясы әлемдегi COVID-19 iндеттiк жағдайына байланысты алғашқы рет онлайн форматта өткiзiлдi.
16-18 шiлдеде Солтүстiк Қазақстан облысының «ATENK» ағылшын тiлi мұғалiмдерi Ассоциациясының жетi белсендi мүшесi English Language Expo көрмесiмен бiрге ағылшын тiлiн үйренуге арналған TESOL 2020 конференциясына қатысты. Конференция қатысушылары: Тамара Черешко, Майра Какимова, Валентина Черных, Дина Алибекова, Александра Ильина, Татьяна Арендаренко және Альбина Касенова.
Қатысушылар әлеуметтiк желiлер мен жергiлiктi қоғамдастықтар арқылы виртуалды конференцияда өз тәжiрибелерiмен бөлiстi.
Конференция TESOL әлемдегi түрлi деңгейдегi ағылшын тiлi мұғалiмдерiне кәсiби құзыреттiлiктерiн дамытуға 3 күн бөлдi. 6000 қатысушылармен бiрге бiздiң мұғалiмдер:
TESOL 2020 виртуалды конференциясына қатысу — бұл 2020 жылы қазан айында жоспарланып отырған «ATENK» «Bridging the gap: Think globally, act locally» атты бiрiншi облыстық онлайн конференциясын ұйымдастырудың негiзiн қалаушы зор тәжiрибе.
«ATENK» Қазақстан түлектерiнiң Ұлттық желiсiне, Орталық Азиядағы ағылшын тiлiнiң Аймақтық кеңсесiне және Қазақстандағы АҚШ елшiлiгiне облысымыздың ағылшын тiлi мұғалiмдерiне берген мүмкiндiктерi үшiн зор алғысын бiлдiредi.