
2024 жылғы 26 тамызда аудиторлық іс-шаралар барысында анықталған Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнама бұзушылық бойынша семинар-кеңес өткізілді. Оқушылар сарайының мәжіліс залында ұйымдастырылған шараға облыстық Тексеру комиссиясы, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілдері, қалалық білім беру ұйымдарының басшылары, аудандық білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен Zoom ворматында өтті. Шараға 200-ден астам маман жиналды.
Семинардың мақсаты білім беру ұйымдарындағы бюджет және өзге де заңнама бұзушылықтарды алдын алу және жою.
Семинар барысында келесі тақырыптар қарастырылды: "мемлекеттік аудит объектілерінің қызметіндегі жүйелік бұзушылықтар мен кемшіліктер
Семинар өткізу барысында «СҚО білім беру саласында мемлекеттік аудит объектілерінің қызметіндегі жүйелі бұзушылықтар мен кемшіліктері»; «Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға өзгерістер енгізу»; «Білім беру ұйымдары жіберген мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтарды талдау» тақырыптары талқыланды.
Білім беру жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына қатысты заңнама талаптарын зерделеу және сақтау жөнінде ұсынымдар берілді.