Хабарландыру

Хабарландыру

«Солтүстiк қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» КММ 2020 жылғы 1 шiлдеден бастап Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрген Қазақстан Республикасы азаматтарының (жақын туыстарын қоспағанда) психологиялық дайындығы туралы «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң нормасы қолданысқа енгiзiлгенiн хабарлайды.

Осы дайындықты жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөнiндегi ұйымдар, сондай-ақ жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары аталған ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырады.

Оқудан өту және сертификат алу үшiн үмiткерлер келесi мекен-жайлар бойынша хабарласа алады:

  1. асырап алу жөнiндегi ұлттық агенттiк «Ана үйi» ҚҚ Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 38, 21-кабинет. Жазылу және анықтама телефондары 8(747)3114112, 8(747)3110306.
  2. «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы» КММ, Петропавл қаласы, Семашко көшесi, 3. Жазылу және анықтама үшiн Телефон 8(7152) 537528.
  3. «Даму мүмкiндiктерi шектеулi жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Соколов арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ Қызылжар ауданы, Соколовка селосы, Школьная көшесi, 1. Анықтама және жазу үшiн Телефон 8(71538) 31193.
  4. «Даму мүмкiндiктерi шектеулi жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Шөптiкөл арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ, Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан, Шөптiкөл селосы. Анықтама және жазу үшiн Телефон 8(71535) 53437.