Бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz "электронды үкiмет" порталы арқылы онлайн жүзеге асырылып жатыр

Бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz "электронды үкiмет" порталы арқылы онлайн жүзеге асырылып жатыр

📚 1-сыныпқа құжаттар 1 тамызға дейiн қабылданады. Өтiнiш бiр жұмыс күнi iшiнде қарастырылады. Құжаттар мектептiң қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтiнiш берушiден, одан кейiн басқа шағын учаскеден 1 өтiнiш берушiден (3:1 қағидаты бойынша) қабылданады.

🎨 20 маусым мен 25 тамыз аралығында колледждерге құжаттар қабылданады. Биыл қабылдау емтихандары өткiзiлмейдi, конкурс аттестаттың мiндеттi және бейiндi пәндерiнiң жиынтық балы бойынша жүргiзiледi. Педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтар үшiн арнайы конкурстар өткiзiледi.

🎓 13-20 шiлде аралығында мемлекеттiк бiлiм гранттары конкурсына құжаттарды қабылдау басталады.

‼️ Медициналық анықтамаларды алу бойынша туындап жатқан қиындықтарға байланысты, медициналық анықтамаларды кейiн, оқу жылы басталғанға дейiн өткiзуге рұқсат етiлдi.

@edu_news_qz