Құрметтi ата-аналар және балалардың заңды өкiлдерi!

Құрметтi ата-аналар және балалардың заңды өкiлдерi!

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы «Бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiмнiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгенiн хабарлайды. Осы өзгерiстер мен толықтырулар 2020 жылғы 7 шiлдеде күшiне ендi.

Бастауыш бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының бiрiншi сыныпқа баратын баланың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкiлдерiнен құжаттарды қабылдау биылғы жылдың 1 тамызына дейiн жүргiзiлетiн болады.

Осыған байланысты, бiрiншi сыныпқа баратын балалардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкiлдерi 2020 жылдың 1 тамызына дейiн мектепке балалардың құжаттарын тапсыруды сұраймыз.

Құжаттарды «Электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы бере аласыз.