«Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы «Бескөл орта мектеп-гимназия» КММ мүлкiн «Бескөл мектеп-интернат-колледжi» Құрама бiлiм беру ұйымын жаңғырту және құру үшiн сенiмгерлiк басқаруға беру» мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк жобасын (бұдан әрi — Жоба) iске асыру жөнiнде инвесторлардың қызығушылықтарын сұрастыру

«Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы «Бескөл орта мектеп-гимназия» КММ мүлкiн «Бескөл мектеп-интернат-колледжi» Құрама бiлiм беру ұйымын жаңғырту және құру үшiн сенiмгерлiк басқаруға беру» мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк жобасын (бұдан әрi — Жоба) iске асыру жөнiнде инвесторлардың қызығушылықтарын сұрастыру

Қазiргi уақытта «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы»КММ «Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы «Бескөл орта мектеп-гимназия» КММ мүлкiн «Бескөл мектеп-интернат-колледжi» Құрама бiлiм беру ұйымын жаңғырту және құру үшiн сенiмгерлiк басқаруға беру» мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк жобасын (бұдан әрi — Жоба) iске асыру жөнiнде дайындық жұмыстары жүргiзiлуде.

Жоба шеңберiнде (күрделi және ағымдағы жөндеу, материалдық-техникалық базаны жаңарту) жаңғырту жүргiзу, сондай-ақ құрама бiлiм беру ұйымын құру жоспарлануда.

Жобаны iске асыру үшiн мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк шартын жасау жоспарлануда («Мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының шеңберiнде).

Аралас бiлiм беру ұйымын жаңғырту және құру мақсатында жеке серiктеске «Бескөл орта мектеп-гимназиясы» КММ мүлкi сенiмгерлiк басқаруға берiледi, жеке әрiптес 10 жыл бойы жаңғыртуды жүргiзедi және бiлiм беру қызметтерiн көрсетедi.

Мемлекеттiк әрiптес «Мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк туралы» Заңға сәйкес МЖӘ жобасын iске асыру мониторингiн жүзеге асырады.

Кәсiпкерлiк субъектiлерiн МЖӘ жобасын жоспарлауға тарту және жоспарлау процесiнiң ашықтығын арттыру мақсатында осы «қызығушылық таныту сұранысы» қалыптастырылды.

Мүдделi болған жағдайда келесi ақпаратты ұсынуды сұраймыз:

  1. компания туралы деректер (атауы, құрылған күнi, меншiк нысаны, негiзгi қызмет түрi, жұмыс тәжiрибесi);
  2. МЖӘ жобасының техникалық, қаржылық, заңдық және өзге де қажеттi параметрлерi жөнiнде оңтайлы шешiмдер ұсыну.

Сұратуы жарияланған сәттен бастап мүдделердi бiлдiру ұсыныстары 5 жұмыс күнi iшiнде қабылданады.:

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» КММ

150010, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесi, 58

Байланыс телефоны: 8-715-2-46-36-72

факс: 8-715-2-36-06-81

e-mail: uosko@sko.kz