ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi балаларды тамақтандыру сапасын арттыру мақсатында конкурстық рәсiмдердi мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай электрондық форматына көшiрдi.
Бұл қадам — конкурстың айқындылығын арттырып, құжаттар санын қысқартып, жеткiзушiлерге өтiнiм толтыруға жұмсалатын уақытты үнемдейi. Сондай-ақ, қаржылық бақылау органдары жедел электрондық бақылауды жүзеге асыра алады.
Конкурсқа қатысушылардың бiрi конкурстық комиссияның әрекетiне шағым түсiрген жағдайда, конкурсты жою, өнiм берушiмен шартты бұзу және уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың актiлерi негiзiнде жеңiмпазбен шарт жасасу рәсiмiн тоқтата тұру бойынша нормалар енгiзiлдi.
Сонымен қатар бiлiм беру ұйымдары мен органдарға, қызметтердi, тауарларды жеткiзушiлерге қойылатын талаптар күшейтiлдi.
Мектептерде тамақтануды ұйымдастыру туралы ата-аналарды хабардар ету үшiн бiлiм беру органдары мен ұйымдарының сайтында «Мектептiк тамақтандыру» айдары, сондай-ақ «Күндiк» жүйесiнде ас мәзiрi, тағамдардың фотосуретi, бракераж комиссияларының және ведомствоаралық сараптама топтарының актiлерi қоса берiледi.
Қалалық мектептер асханаларының ас блоктарында бейнебақылау жүйесi орнатылады, сондай-ақ балалардың тамақтануына ата-ананың бақылауды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесi енгiзiледi.
Бiлiм алушыларға жедел және сапалы қызмет көрсету мәселелерiн шешу үшiн бiлiм алушылардың санына байланысты аспазшылар мен ас блоктары қызметкерлерiнiң санына қойылатын талаптар қарастырылған. Мысалы, егер мектепте 1501-ден 2500-ге дейiн бiлiм алушы болса, онда өнiм берушi кемiнде 3 аспазшы мен 5 ас үй жұмысшысы қызметiн қамтамасыз етуi тиiс.
Өнiм берушi ай сайын пайдаланылатын тамақ өнiмдерiнiң сапасын, конкурсты өткiзу кезеңiнде өзi мәлiмдеген ас блогы қызметкерлерiнiң сандық және сапалық құрамын растайтын болады.
Министрлiк ҚР Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп бiлiм беру органдары мен ұйымдары, кәсiпкерлер үшiн оқыту семинарларын өткiзудi жоспарлап отыр.