
Наурыз мейрамын мерекелеу аясында облыста Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен «Қазақстан халқына» Қоғамдық Қоры ұйымдастырған қайырымдылық жобасының жаңа маусымы – «Жаздық жолдама 2024» басталды.
Наурыз мейрамын тойлаудың жаңартылған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры Қазақстанның барлық өңірінде «Жаздық жолдама 2024» – қайырымдылық жобасын бастап отыр.
«Жаздық жолдама» жобасы жазғы каникул кезінде ауылдық жерлерден 5-8 сыныптардың 522 оқушысы үшін зияткерлік және шығармашылық дамумен демалысты қамтамасыз етеді.
Бұл қайырымдылық жобасы оқуда үздік көрсеткіштерге ие (үлгерімі және пәндік олимпиадаларға, пікірталастарға қатысуы) және мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын орта сынып оқушыларын қолдауға және ынталандыруға бағытталған.
Бір жыл бұрын, 2023 жылдың жазғы кезеңінде «Жаздық жолдама» жобасының арқасында облысымыздың ауылдық мектептерінен 300 бала «Эдельвейс Бурабай» лагерінде демалды.
Ағымдағы жылдың 15 наурызында «Қайырымдық» іс-шарасын мерекелеу аясында аудандар, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің 5-8 сынып оқушыларына арналған ауылдық мектеп директорларына қала сыртындағы лагерьлерде жазғы демалысқа сертификаттарды салтанатты түрде табыстауының әлеуметтік марафоны іске қосылды.