ВИКТОРИНА

ВИКТОРИНА

2024 жылдың 13 ақпан күні Дене тәрбиесі, спорт және алғашқы әскери даярлық өңірлік оқу-әдістемелік орталығы облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында жоғары сынып оқушылары және студенттер арасында Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына арналған «Ұлы ата-бабаларымыздың өсиеттерін есте сақтаймыз және құрметтейміз!» атты облыстық әскери-патриоттық викторина өткізді.

Бұл іс-шараға қала, аудан колледждері мен мектептерінен 8 команда қатысты. Сайыскерлер арасында Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж командасы болды.

Сайыс үш кезеңнен тұрды:

  • Қазақстан тарихы
  • Ұлы Отан соғысы
  • Әскери істің негіздері

Біздің команда 1 орынға ие болды. Колледж студенттерін жеңіспен құттықтаймыз!