
Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен биылғы жылы дарынды балаларға арналған мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарына Конкурстық таңдау жүргiзу тәртiбiне өзгерiстер енгiзiлдi. Осыған орай, «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандырылған гимназия-интернаты» КММ, «Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған «БIЛIМ — ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты» КММ, «ЛОРД» дарынды балалар үшiн мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты» КММ, «Өнер колледжi-музыкалық-эстетикалық бейiндегi дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешенi» КММ:
Жаңа оқу жылында дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге түсу кезiнде «Мың бала» Ұлттық зияткерлiк олимпиадасының жеңiмпаздары мен жүлдегерлерi, ауылдық мектептердiң 5-6 сыныптарының оқушылары, басым құқыққа ие болады.
Құжаттар қабылдау туралы ақпарат бiлiм беру ұйымының интернет-ресурсында, әлеуметтiк желiлерде орналастырылған.