WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионаты - 2023

WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионаты - 2023

2023 жылдың 21 қарашасы мен 27 қарашасы аралығында Астана қаласында жыл сайынғы WorldSkills Kazakhstan – 2023 Ұлттық чемпионаты өтті.Бұл байқаудың мақсаты – көгілдір мамандықтардың беделін арттырып, шеберліктерін шыңдау.

Бұл байқауға облысымыздан 8 колледж 15 құзырет бойынша қатысты. Біздің қатысушылар келесі құзыреттер бойынша 2 алтын, 1 қола және 8 медаль жеңіп алды:

  • Алтын медаль – «Графикалық дизайн» мамандығы бойынша Шаболдасова Виктория (Мағжа Жұмабаев атындағы жоғары колледжі),
  • Алтын медаль – «Электр монтажы» мамандығы бойынша Иванов Борислав («Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіптік педагогикалық колледжі» КМК),

Қола медаль – «Кірпіш құю» мамандығы бойынша Сергей Смирнов («Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі» ҚГКП),  8 оқушы «Үздік Маман» медалінің иегері атанды:

  • «ЧПУ станоктарындағы токарлық жұмыстар» - Василий Шабанов (Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі),
  • «Аспаздық» - Зенин Данил (Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі),
  • «Дәнекерлеу технологиялары» - Вадим Витковский (М. Жұмабаев ауданы Кәсіптік оқыту және сервис колледж),
  • «Веб-технологиялар» - Пухов Иван (Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж),
  • «Желі және жүйелік әкімшілендіру» - Кирилл Лукьянов (Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж),
  • «Жолаушылар вагондарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету» - Вадим Семизоров (Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіптік педагогикалық колледжі),
  • «Электроника» - Кирилл Перепелцев (Гуманитарлық-техникалық колледж),
  • «Шаштараз өнері» - Кристина Капустина (Ескендір Даутов атындағы қызмет көрсету колледжі).

Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен, медальдармен және ерекшелік медальдарымен марапатталды.