«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығына 25 жыл

«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығына 25 жыл

2023 жылғы 22 қарашада Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде "Дене тәрбиесі және спорт" мамандығының 25 жылдығына арналған "Жастардың дене тәрбиесін дамытудың заманауи мәселелері мен болашағы" техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция педагогтардың ғылыми, зерттеу және шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында өткізілді.

Конференцияға Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының, Солтүстік Қазақстан облысының және Петропавл қаласының қалаларынан дене тәрбиесі және алғашқы әскери дайындық оқытушылары қатысты.

Конференция онлайн және офлайн форматта келесі бағыттар бойынша өтті: "Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық саласындағы оқу процесін жаңғырту", "Жастармен бұқаралық спортты және дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері", "Дене шынықтыру және спорт салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізі ретінде", "Алғашқы әскери дайындық сабақтарында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу".

Конференция соңында қатысушылар конференцияның ұйымдастырушыларына – СҚО әкімдігінің білім Басқармасына және Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжіне жылы қарсы алғаны, жемісті, өзара байыта түскен үшін шексіз алғыстарын білдірді. Секциялардың жұмысына тоқталып, колледждер арасында ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға тілек білдірді.