Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаменті Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында өскелең ұрпақта мемлекеттік қызметтерді алу және колледж оқушыларының шығармашылық әлеуетін ашу мәселелерінде білімін қалыптастыру мақсатында «Менің өмірімдегі мемлекеттік қызметтер» конкурсы жарияланады.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы облыс колледждерінің оқушылар байқауына белсенді қатысуды сұрайды.
«Менің өмірімдегі мемлекеттік қызметтер» тақырыбындағы конкурстық шығармалар департаменттің ugu_sko@bk.ru эл. мекенжайына «Шығармалар конкурсы» деген белгімен конкурс ережесіне сәйкес 2023 жылғы 22 қарашадан 27 қарашаға дейін ұсынылады.
Байланыс телефондары: 36-01-62, 8-707-187-07-84.
«Менің өмірімдегі мемлекеттік қызметтер» тақырыбындағы шығармалар байқауының ЕРЕЖЕСІ