
Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің қолдауымен "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің базасында дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің оқушылары арасында "Astana – Мегеу" халықаралық орындаушылар байқауы өтті.
Біздің өңірдің өкілі-Қызылжар ауданының "Мерей" өнер мектебінің тәрбиеленушісі Серікпай Жансая 1 орын алды. Жансая - "Ақдарияға" халық әні және П.Чайковскийдің "Неополитан әнін" ең көне қазақ садақ аспабы-қобызда орындады.
Біз Жансаяны, сондай - ақ мектеп педагогтары – Маштакова Назгүл Жадыгерқызын, концертмейстер Дедова-Сальникова Мария Викторовнаны құттықтаймыз.
Осындай беделді байқауда жеңіске жету – шеберлік пен жарқын шығармашылық болашақтың көрсеткіші.