
2020 жылдың 12 наурызында Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк-педагогикалық колледжiнде жалпы бiлiм беретiн мектептер мен лицейлер оқушыларының қатысуымен алғашқы кәсiби шеберлiк байқауы өттi.
Байқау мектеп оқушыларын WorldSkills халықаралық қозғалысына тартуға, жұмысшы мамандықтардың қызығушылығы мен беделiн арттыруға, шығармашылық әлеуетiн ашуға, қатысушылардың бастамашылдығы мен көшбасшылық қасиеттерiн дамытуға бағытталған.
Байқауға №16 толық емес орта мектеп, №21 орта мектеп, №8 жалпы орта бiлiм беретiн көркемдiк-эстетикалық бiлiм және тәрбие беру мектеп-кешенi, «ЛОРД» дарынды балалар үшiн мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты, Ғабит Мүсiрепов атындағы № 43 орта мектеп, №4 орта мектеп, №23 орта мектеп қатысты.
Байқауға Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк-педагогикалық колледжiнiң студенттерi тәлiмгер ретiнде қатысты.
Байқаудың ашылу салтанатында қатысушылар мен олардың жетекшiлерiн колледж директоры Е. Жақыпов құттықтады және iс-шара басталды.
Конкурс екi құзыреттiлiк бойынша өттi: «Шағын нысандарды жобалау» (фото аймақтың дизайны) және «Электрмонтаждау жұмыстары». Жұмысты белгiленген критерийлерге сәйкес бiлiктi қазылар алқасы бағалап, жеңiмпаздарды анықтады.
«Шағын нысандарды жобалау» (фото аймақтың дизайны) бойынша үздiк атанған № 21 орта мектептiң оқушылары Гарчева Карина, Әбiшева Айнұр, жетекшiсi Д.Б. Жамалиева және «ЛОРД» дарынды балалар үшiн мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернатының оқушылары Дмитриенко Дарина, Адамян Марэта, жетекшiсi Тоқжанова А.С., «Электрмонтаждау жұмыстары» құзыретiнде 1-Дәрежелi дипломмен №23 орта мектептiң оқушылары Загородний Илья, Джум Кирилл, жетекшiсi Попова С.П. марапатталды.
Бұл iс-шара оқушылардың WorldSkills халықаралық қозғалысына қатысудың бастамасы болды, ол бүгiнде әлемдегi әйгiлi кәсiби шеберлiк сайыстарының бiрi болып табылады.
Байқау жарқын, шығармашылық, есте қаларлық болды. Ең бастысы, қатысушылар болашақ мамандықтары бойынша өздерiн сынап көруге мүмкiндiк алды.