Баспасөз хабарлама «Мемлекеттiк тапсырысты орналастыру үшiн жеке мектептерден өтiнiштер қабылдау жарияланды»

Баспасөз хабарлама «Мемлекеттiк тапсырысты орналастыру үшiн жеке мектептерден өтiнiштер қабылдау жарияланды»

Елдегi төтенше жағдай әрекет ету кезеңiнде «Қаржы орталығы» АҚ-мен қолданыстағы жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесi аясында жеке мектептерге төлемдер жалғасуда.

Жаңа жеке мектептердi қолдау мақсатында 2020 жылдың 6 сәуiрi мен 6 мамыры аралығында мемлекеттiк тапсырысты орналастыру үшiн кезектен тыс өтiнiштер қабылдауды жариялауға шешiм қабылданды.

2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттiк тапсырысты орналастыру аясында 40 мың оқушы орнын қамтамасыз ететiн жеке мектептермен 151 шарт жасалды.

Соңғы жылдары мектептер құрылысының қарқыны халықтың демографиялық өсуiмен үйлескен жоқ. Осының салдарынан бүгiнгi күнi «үш ауысым» ретiнде халық арасында кеңiнен танымал бiлiм беру ұйымдарының жұмыс iстеуiне байланысты бар.

Ағымдағы есептеулер бойынша республика бойынша тапшылық 168 мыңнан астам оқушы орнын құрайды және елдiң 17 өңiрiнiң әрқайсысында тiркелген. Бұл ретте қажеттiлiктiң негiзгi бөлiгi Алматы қаласында (25 мың), Нұр-Сұлтан (15 мың), Шымкент (12 мың), Түркiстан (27 мың), Алматы (19 мың), Жамбыл (12 мың) облыстарында шоғырланған.

Қазiргi жағдайда қысқа мерзiмдi кезеңде осы проблеманы шешу елеулi мемлекеттiк шығындарды талап етедi. Осыған орай екi маңызды мақсатқа қол жеткiзiлетiн мемлекеттiк жекешеiк әрiптестiк қағидаты таңдалды: жаңа оқушылар орындары құрылады және бизнестiң бiлiм беру нарығына белсендi кiруi үшiн қолайлы жағдайлар жасалады.

#UideBolayq #ОстантесьДома #StayHome

Өз мектебiн ашуды жоспарлап отырған кәсiпкерлерге қолдау шараларының кешенi ұсынылады.

Мемлекеттiк тапсырысты бiрыңғай оператор болып табылатын «Қаржы орталығы» АҚ орналастырады. Мүдделi болған жағдайда төмендегi телефон нөмiрлерi бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз:

8 (7172) 695-127, 8 (705) 198 01 01
Бiз сiздерге кеңес берудi қашықтан жалғастыра беремiз

#UideBolayq #ОстантесьДома #StayHome