Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы халық үшін «Ашық есік күні» акциясын өткізеді. Қала тұрғындары бұл күні білім басқармасының мамандарынан қосымша, мектепке дейінгі, негізгі орта, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға түсу және оқыту мәселелері бойынша кеңес ала алады.
Өткізу күні және уақыты: 2023 жылғы 27 маусым, 10.00 — 12.00 с.
Өткізу орны: СҚО, Петропавл қ, Қазақстан Конституциясы к-сі, 60 үй («Балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КММ).