
04.05.2023ж. Облыстық ПМПК мамандары «Мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсету кезіндегі ведомствоаралық өзара әрекеттесу. СҚО-да арнайы және инклюзивті білім берудің қалыптасу тарихы: қорытындылар, проблемалар, перспективалар» атты психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің отыз жылдығына арналған халықаралық пәнаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырып, өткізді.
Мақсаты: Ерекше білім беруді қажет ететін және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу және оқыту проблемасына назар аудару.
Конференцияға 100-ден астам адам қатысты:
Инклюзия мәселелеріне жетекшілік ететін білім басқарманың, аудандық білім бөлімдерінің өкілдері, арнаулы білім беру ұйымдарының, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің, «Асыл Мирас» Орталығының басшысы, ерекше білім қажжеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын инклюзивті білім беру ұйымдарының мамандары, әлеуметтік қызметтердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Психикалық денсаулық орталығаның мамандары, емхана жанындағы бала даму кабинеттері.