«БІЛІМ ЖƏНЕ ДЕНСАУЛЫҚ-2022» КӨРМЕСІ

«БІЛІМ ЖƏНЕ ДЕНСАУЛЫҚ-2022» КӨРМЕСІ

2022 жылдың 2 желтоқсанында «Digital-ұрпақ» оқушылар сарайында Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей–интернаты «Балалар жылы» аясында оқушылардың ғылымға, жаңашылдыққа құштарлығын, тың бастамаларын қолдауға бағытталған «Білім жəне денсаулық-2022» көрмесін ұйымдастырды.

Осы іс-шараның мақсаты – зияткерлік ойындар мен түрлі ғылыми жаңалықтар, тәжірибелік жұмыстар арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру және оқушылар арасында өзара тәжірибе алмасу.

Көрмеде лицейдің 70-тен аса оқушысы математика, физика, химия, биология, информатика, география, қазақ тілі, орыс тілі, тарих, ағылшын тілі пәндері бойынша ғылыми-практикалық тәжірибелер көрсетіп, танымдық ойындар мен қызықты оқу жаттығуларын өткізді.

Сондай-ақ, қатысушыларға салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды ақпарат ұсынылды.

Көрмеге облыс орталығының мектептерінен 300 астам оқушы қатысты.