

Біз — біргеміз! #BIZBIRGEMIZ
Бүгін, яғни 2022 жылдың 5 қазанында, "№17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені " КММ базасында СҚО қорғаныс істер департаменті және Петропавл қаласының қорғаныс істер жөніндегі басқармасы өкілдерімен бірлесіп "Айбынды жастар-Қазақстанның тірегі" атты әскери –патриоттық акциясы аясында ҚР Қарулы Күштері ардагерлерімен мектеп оқушылары арасында кездесу өтті.
Кездесуге Петропавл қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы подполковник Б. А. Есенеев, СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі майор А. К. Смағұлова, ҚР Қарулы Күштерінің ардагері отставкадағы полковник К. Н. Саутбеков, "Жас Сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Ж. Ж. Жеңісов қатысты.
Қонақтар жоғары сынып оқушыларына Қазақстан Президентінің халқына жолдауындағы " Әділ мемлекет» , «Біртұтас ұлт» туралы түсіндірді. Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігінің әскери-оқу орындары мен жоғары оқу орындарына түсу тәртібі, әскери қызметшілері үшін көзделген жеңілдіктер туралы айтты
ҚР ҚК ардагері полковник Саутбеков жеке тәжірибесімен бөлісіп, өскелең ұрпақ арасында әскери-патриоттық тәрбиенің маңызды рөлін атап өтті. Мектеп оқушылары да өз ойларымен бөлісті.