
Бiз — бiргемiз! #BIZBIRGEMIZ
Есiл ауданының «Родник» балаларды сауықтыру этноауыл лагерьi ауданның этномәдени бiрлестiктерiнiң қонақтарын қарсы алды. Демалушы қонақ балаларға «Петровка орта мектебi» КММ «Халықтар достығы» қазақ-өзбек орталығының қатысушылары келдi. Балаларға өзбек палауын әзiрлеу бойынша шеберлiктер ұйымдастырылып, «Ең үлкен бауырсақ» байқауы өткiзiлдi, балалар қонақтармен бiрге ән айтты және биледi.
«Ильинка орта мектебi» КММ «Добрыня» белорус мәдени орталығының қатысушылары өздерiмен бiрге қайың қабығынан сәндiк-қолданбалы өнерлерiн әкелдi. Беларусь сөзiнiң туындысы — АҚ ресей, ақ қайың шетi деп бекер айтылмаған. «Бульба» ұлттық ойынын балалар қызықтап ойнады.
«Заградовка орта мектебi» КММ «Заграда» украин мәдени орталығының қатысушылары дала гүлдерiнен гүл шоқтарын тоқу бойынша шеберлiктерiмен балалардың назарын аударды. Балалар жұмыстар арасында газет түтiктерiнен қызықты тоқуларды қызықтады.
Бiздiң балаларымыздың тең жартысының назарын «Таранғұл орта мектебi» КММ «Сакртвело» грузия орталығы ұсынған болат қару — жарақ көрмесi қызықтырды — барлығына қолдарына қылыш, қанжар ұстау, ұлттық тағамдардан дәм тату қызықты болды.
Iс-шара финалында барлық балалар дастархан басында бас қосып, онда ұлттармен ұсынылған ұлттық тағамдардан тамақтанды. Осындай iс-шара өсiп келе жатқан ұрпақ үшiн өте қажет және пайдалы.