
2022 жылғы 24 мамырда педагог-психологтар үшін «Оқу және даму процесінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбы бойынша онлайн-конференция өтті. Конференция спикерлері болып сөз сөйлегендер: А.К. Мырзатаева – педагогика Жоғары мектебінің ғылым және интернационалдандыру жөніндегі вице-деканы, «Педагогика-психология» білім беру бағдарламасының оқытушы-сарапшысы, Э.Ю. Сарсембаева - ЖМП доценті, психология мамандығы бойынша PhD докторы, Е.В. Балтина – «Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ әдіскері, О.А. Моор – «№ 21 орта мектеп» КММ инклюзияны қолдау кабинетінің педагог-психологы, мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің кураторы.