"ROBOTIME" спорттық робототехника бойынша облыстық жарыстар өткiзу

"ROBOTIME" спорттық робототехника бойынша облыстық жарыстар өткiзу

Бiз — бiргемiз! #BIZBIRGEMIZБiз — бiргемiз! #BIZBIRGEMIZ

Робототехника-ғылым мен техника жасанды интеллектпен жанасатын ғылыми-техникалық прогрестiң маңызды бағыттарының бiрi. Бүгiнгi таңда робототехника қазiргi бiлiм беруде маңызды және өзектi бола түсуде және Қазақстанның бiлiм беру мекемелерiнiң жұмысындағы ең перспективалы бағыттардың бiрiне айналуда. 2022 жылғы 5 наурызда Оқушылар сарайында робототехниканы танымал ету, конструкторлық қызметтi, ақпараттық мәдениеттi және техникалық шығармашылықты дамыту мақсатында "ROBOTIME" спорттық робототехникасы бойынша облыстық жарыстар өттi. Бұл жарыстар алғаш рет өткiзiлдi.

Iс-шараның салтанатты ашылуында Оқушылар сарайының директоры Д.Ж. Абильмажинова құттықтау сөз сөйлеп, қазiргi әлемдегi ақпараттық технологиялардың маңыздылығын атап өтiп, қатысушыларға табыс пен сәттiлiк тiледi. Одан әрi iс-шара жүргiзушiлерi жарыстарды өткiзу тәртiбi, шарттары мен бағалау критерийлерiн жария еттi. Жарыс 3 санат бойынша "Сумо", "Кегельринг", "Эстафета" және ұпай бойынша бағаланды. Жарысқа Петропавл қаласы және Солтүстiк Қазақстан облысының 9 ауданы — Жамбыл, Айыртау, Есiл, Аққайың, М.Жұмабаев, Ақжар, Қызылжар, Шал ақын, Уәлиханов мектептерiнен 53 команда құрамында 105 қатысушы қатысты.

Жарысты Құзыреттi төрешiлер алқасы бағалады.

Қатысушылар өз санаттарында жарысып жатқанда, коворкингтiң акт залында топ жетекшiлерi үшiн семинар ұйымдастырылды, онда спикерлер А.Н. Исмагулов, "Қызылжар Абай орта мектебi" ҚБ директоры және К.Т. Сәрсенбаев, "КазРоботикс "Қазақстан бiлiм беру және спорттық робототехника федерациясы" Республикалық қоғамдық бiрлестiгiнiң Солтүстiк Қазақстан филиалы директорының орынбасары робототехника саласындағы өз тәжiрибелерiмен және бiлiмдерiмен бөлiстi.

Жарыс қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңiмпаздарды анықтады: "Эстафета" Категориясы: 1 орын — "ДМ" командасы (Баганов Мирас, Кожаева Галия), "Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған гимназия-интернаты"КММ.

"Кегельринг"Санаты: 1 орын — "ArtaRobotics" командасы (Едрисов Таймас, Шакенов Тарлан), "Петропавл қ. химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлiк Мектебi" ДББҰ; 2 орын — "My Robot" командасы (Фефелова Валерия, Подглазов Никита), "№7 орта мектеп" КММ; 3 орын — "Robo_team4" командасы (Зайдель Никита, Дроняк Вадим), "Мұрат Айтхожин атындағы №1 орта мектебi" КММ.

"Сумо"Санаты: 1 орын — "Бомберы" командасы (Долотов Алексей, Зюзько Руслан), "Дауит орта мектебi" КММ, Ақжар ауданы; 2 орын — "Классика" командасы (Жұман Мұхаммед, Майдан Мирас), "қалалық классикалық Гимназия им. Сафуана Шаймерденова"; 3 орын — "ARES" командасы (Сайран Ерасыл, Қайырбек Санжар), "Қожаберген жырау атындағы жалпы бiлiм беретiн мектеп" КММ, Жамбыл ауданы

Бiз "ROBOTIME" спорттық робототехника бойынша облыстық жарыстардың жеңiмпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз, команда жетекшiлерiне алғысымызды бiлдiремiз. Сәуiр айында өтетiн келесi жарыстарда барлығына шығармашылық табыс пен жаңа жеңiстер тiлеймiз.