
Бiз — бiргемiз! #BIZBIRGEMIZ
1 наурыз Қазақстанда Алғыс айту күнi атап өтiледi. Жыл сайын бұл мереке бiздiң елiмiздiң азаматтары үшiн маңызды болып келедi, маңызды бола түсуде.
Алғыс айту күнiн мерекелеу аясында 4 ақпан мен 1 наурыз аралығында облыс колледждерi «Алтын жүрек» республикалық челленджiне қатысты.
Әр оқу орны осы тақырыпты өз бетiнше ашты. Мәселен, «Б.Әшiмов атындағы Петропавл машина жасау және көлiк колледжi» КМҚК студенттерi облыстық қан орталығына барып, донор болды. Ерiктi ақысыз қан тапсыру — бұл өмiр сыйлау актiсi — адам бере алатын немесе алатын ең жақсы сыйлық. «Қаныңызбен бөлiсу — бұл бiреуге өмiр сүруге мүмкiндiк беру», — деп шештi колледж белсендiлерi. Мұндай iс-шараны өткiзудiң басты мақсаты — адамдарды қан банкiн құру қажеттiлiгi туралы хабардар ету және барлық бей-жай қарамайтындарды ерiктi түрде өтеусiз негiзде донор болуға шақыру.
«И.Даутов атындағы қызмет көрсету колледжi» КММ студенттерi балалар ауылына барып, шаштараз iсi бойынша шеберлiк сыныптарын өткiздi. Оқушыларға әдемi өру, шаш жасау тәсiлдерiн үйреттi. Қыздар мұндай сабаққа қатты қуанды.
Аққайың ауданының Аграрлы колледжiнiң ерiктi студенттерi жалғыз басты және қарт зейнеткерлерге қар жинауда көмек көрсеттi.
Алғыс айту күнi — қазақстандық патриотизмнiң, бiрлiк пен достықтың жарқын күнi.