
Бiз — бiргемiз! #BIZBIRGEMIZ
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы бiз үшiн бүгiн басымдықта, ол жан-жақты қамтылған және бiздiң заманымыздың басты сұрақтарына жауап бередi: бiздiң тарихымыздағы орнымыз қандай және бiз қайда болғымыз келедi. Бұл бағдарламада маңызды нәрсе — әркiм ұлы iске өзiнiң қатысуын бiледi, оны жүзеге асыруға әркiм өз үлесiн қоса алады. Бұл басқаларға көмек көрсету, акцияларға, әлеуметтiк жобаларға, қайырымдылыққа қатысу арқылы жүзеге асырылады.
Бiлiм басқармасында" Облыстың бiлiм беру ұйымдарында "Рухани жаңғыру "бағдарламасын жүзеге асыру" — "дөңгелек үстел" өттi. Кездесу модераторы бiлiм басқармасының әдiскерi Р.К. Ертаева болды. Қатысушылар облыстағы бағдарлама жұмысын үйлестiретiн "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесiнiң мамандары, қалалық және аудандық бiлiм бөлiмдерiнiң әдiскерлерi болды.
Кездесуде бiлiм беру ұйымдарында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша жүргiзiлiп жатқан жұмыстар талқыланды. Қалалық бiлiм бөлiмiнiң әдiскерi А.Е. Магзумова қала мектептерiнде бағдарламаны жүзеге асыру бойынша әрiптестерiмен жұмыс тәжiрибесiмен бөлiстi.
Қызылжар АББ әдiскерi К.З. Сайдалинова "Әкелер мектебi" жүзеге асыратын жалпы бiлiм беретiн мектептерде қазақ халық әндерi мен ұлттық ойындарын насихаттау бойынша жұмыс тәжiрибесiмен бөлiстi.
Кездесу қорытындысы бойынша ұсыныстар әзiрлендi .