Арнайы және инклюзивті білім беру

Арнайы және инклюзивті білім беру

2022 жылғы 18 ақпанда Солтүстiк Қазақстан облысының бiлiм басқармасы арнайы бiлiм беру ұйымдарымен, балабақшалармен «Бiлiм беру ұйымдарының (КМИ, МДҰ) ПМПК-мен өзара iс-қимылы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету» тақырыбында арнайы топтармен жұмыс кеңесiн өткiздi. Кеңестiң негiзгi мақсаты мектепке дейiнгi бiлiм беру саласындағы арнайы бiлiм берудiң жай-күйi туралы талқылау, ерекше бiлiм берiлуiне қажеттiлiгi бар балаларға түзету қолдауын көрсету және оларды одан әрi оқыту болды. Сондай-ақ, ағымдағы жылға арналған мiндеттер талқыланды. Кеңес барысында құрылымдық бөлiмшелерге, бiлiм бөлiмдерiне, арнайы ұйымдарға жұмыс iстеу үшiн ұсынымдар әзiрлендi.