Солтүстiк Қазақстан облысында мектеп жасындағы балаларды оқумен қамту

Солтүстiк  Қазақстан облысында мектеп жасындағы балаларды оқумен қамту

2021 жылғы қазандағы жағдай бойынша Солтүстiк Қазақстан облысында мектеп жасындағы балалар саны - 73945.

Оқу жылының басынан 10 күн және одан көп күн мектепте сабаққа ешбiр себепсiз қатыспаған 13 кәмелетке толмаған анықталды, оның ішінде 10 – мектепке қайтарылды, 3 – сабаққа қатыспауда.

Кәмелетке толмағандардың сабаққа қатыспаған себебі - оқуға ниет білдірмеуі және тұрғылықты жері бойынша оқымайды.

 Iшкi iстер органдары өкiлдерiмен балалардың тұратын жерлерiн анықтау бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Бiлiм беру ұйымдары кәмелетке толмағанадардың iсi және олардың құқықтарын қорғау бойынша комиссиясында қарастыру үшін  құжаттар жинауды жүргiзуде.