
2021-2022 оқу жылына дайындықтың кешенді жоспарына сәйкес 2021 жылғы 09-22 тамыз аралығында облыста «Балақайлар мектебі» жұмысы басталды.
Дайындық курстарының мақсаты бірінші сынып оқушысының сәтті бейімделуін қамтамасыз ететін, балалардың бастауыш мектепте оқуға интеллектуалдық, мотивациялық, эмоционалды-еріктік дайындығына ықпал ететін білім беру ортасын құру болып табылады.
Барлық білім беру ұйымдарына дайындық курстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар, оқу жоспары жіберілді.
Болашақ бірінші сынып оқушылары үшін облыстың 306 мектебінің базасында 2 795 баланы қамтитын 345 топ жұмысын бастады, бұл жұмысқа 348 педагог қатысады.
Курсты аяқтағаннан кейін күтілетін нәтижелер: