Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі жоғары білім алу үшін 50 білім грантына қаражат бөлді.
«Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ:
- В083 Ветеринария 15 грант.
«Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ:
- В086 Жалпы медицина 10 грант.
«Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ келесі білім беру бағдарламаларының топтары бойынша::
Білім: 5 грант
- В003 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
- В009 Математика мұғалімдерін даярлау
- В010 Физика мұғалімдерін даярлау
- В012 Химия мұғалімдерін даярлау
- В017 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Ауыл шаруашылығы ғылымдары: 10 грант
- В077 Өсімдік шаруашылығы 5
- В078 Мал шаруашылығы 5
Денсаулық сақтау:
- В086 Жалпы медицина 10 грант
Құжаттарды қабылдау 2021 жылғы 05-15 тамыз аралығында.
Мекен-жайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 60 Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы, анықтама үшін телефон 8-715-2-46-51-35
Құжаттар тізімі:
- Белгіленген үлгідегі бланктегі өтініш.
- Жеке куәлік (сәйкестендіру үшін).
- Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттың түпнұсқасы.
- ҰБТ немесе ТКТ өткендігі туралы Сертификат.
- Тиісті мамандық бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған кезде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген құжаттардың бірін қосымша береді.
- Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, мүгедек балалар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектер қабылдау комиссиясына таңдаған мамандығы бойынша оқу үшін қарсы көрсетілімдерінің болмауы туралы қорытынды ұсынады.
- Қолда бар әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат (көп балалы отбасы, АӘК алушылар, жетім балалар, бала кезінен мүгедектер, соғыс қимылдарына қатысушылардың балалары).
Ескерту:
Шет тіліндегі құжаттар нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге ұсынылады.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен танылады немесе нострификацияланады.