«Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласының «Қопай» ауданында 1200 орындық жалпы бiлiм беру мектебiн салу және пайдалану» МЖӘ жобасы бойынша екi кезеңдiк конкурстық рәсiмдердi пайдалана отырып, жекеше әрiптестi айқындау бойынша конкурс өткiзу туралы хабарландыру

«Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласының «Қопай» ауданында 1200 орындық жалпы бiлiм беру мектебiн салу және пайдалану» МЖӘ жобасы бойынша екi кезеңдiк конкурстық рәсiмдердi пайдалана отырып, жекеше әрiптестi айқындау бойынша конкурс өткiзу туралы хабарландыру

«СҚО әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» КММ «Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласының «Қопай» ауданында 1200 орындық жалпы бiлiм беру мектебiн салу және пайдалану» МЖӘ жобасы бойынша екi кезеңдiк конкурстық рәсiмдердi пайдалана отырып, жекеше әрiптестi айқындау бойынша конкурс өткiзу туралы хабарлайды.

Жобаның атауы: «Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласының «Қопай» ауданында 1200 орындық жалпы бiлiм беру мектебiн салу және пайдалану» МЖӘ.

Жобаны iске асыру саласы (Саласы): жоба орта бiлiм беру саласында iске асырылады.

МЖӘ жобасының мақсаты: Петропавл қаласының «Қопай» ауданында 1200 орындық жаңа жалпы бiлiм беру мектебiн салуға өңiрдiң қажеттiлiгiн шешу, сондай-ақ орта бiлiм беру саласындағы оқушы орындарының тапшылығы деңгейiн төмендету арқылы халықтың қажеттiлiгiн қанағаттандыру.

Осы жобаның iлеспе мақсаттары мен мiндеттерi:

  • орта бiлiм беру объектiлерiнiң желiсiн дамыту;
  • қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн 1200 орындық қазiргi заманғы жалпы бiлiм беру мектептерiн iске асыру;
  • материалдық-техникалық саланы жақсарту;
  • оқушылардың оқу процесiн ұйымдастыру үшiн қолайлы жағдай жасау және қамтамасыз ету;
  • үш ауысымды жұмыс режимi бар мектептер санын азайту;
  • халықаралық және қазақстандық бiлiм беру стандарттарын интеграциялау негiзiнде оқушыларды сапалы бiлiммен қамтамасыз ету;
  • салауатты өмiр салтын ұстанатын, өмiр бойы бiлiм алуға қабiлеттi, қазақстандық және халықаралық жетекшi университеттерге түсетiн, функционалдық сауатты, патриоттық, жауапты, көптiлдi, креативтi және сыни ойлайтын оқушыларды қалыптастыруға ықпал ететiн оқыту ортасын құру;
  • бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды сапалы қамтамасыз ету.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласының «Қопай» ауданында 1200 орындық жалпы бiлiм беру мектебiн салу және пайдалану» МЖӘ объектiсiнiң жобалық қуаты:

МИЖ өткiзу орны: ҚР, Петропавл қаласы, «Қопай» ауданы, учаске алаңы 2,1 га құрайды.

МЖӘ жобасын iске асыру кезеңi 72 ай және одан астам, оның iшiнде:

Құрылыс кезеңi: 12 ай;

Пайдалану кезеңi: 5 (бес) жылдан бастап.

Жобаны салу мен iске асырудың осы мерзiмдерi шамамен және болжамды болып табылады.

Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi жекеше әрiптестер 2021 жылғы 04 қазанға дейiн «СҚО әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» КММ-нiң техникалық тапсырмасына сәйкес әзiрленген техникалық ұсынысты ұсынуы, сондай-ақ қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды ұсынуы қажет, оның негiзiнде «МЖӘ туралы» ҚР Заңының 32-бабына сәйкес бiлiктiлiк iрiктеу жүргiзiлетiн болады.

Конкурсты ұйымдастырушының атауы: «СҚО әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» КММ.

Байланыс деректерi: бiлiм берудi жаңғырту бөлiмiнiң басшысы Илюбаева Рауза Термiрғалиқызы 8 (7152) 501653, e-mail: uosko@sqo.gov.kz 

Құжаттар көшiрмелерiнiң пакетiн сағат 9.00-ден 13.00-ге дейiн және 14.30-18.30-ға дейiн (жергiлiктi уақыт бойынша) келесi мекенжай бойынша алуға болады: ҚР, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сi, 58, 6 қабат, № 608 кабинет

Техникалық тапсырма осы конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап сұрау салу бойынша берiледi.