Қазiргi уақытта «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» КММ «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының «Минкесер орта мектебi» КММ мүлкiн жаңғырту және пайдалану үшiн сенiмгерлiк басқаруға беру» мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк жобасын (бұдан әрi — жоба) iске асыру бойынша дайындық жұмыстары жүргiзiлуде.
Жоба шеңберiнде жаңғырту (күрделi және ағымдағы жөндеу, материалдық-техникалық базаны жаңарту) жүргiзу, сондай-ақ бiлiм беру ұйымын пайдалану жоспарлануда.
Жобаны iске асыру үшiн мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк шартын жасасу жоспарлануда («мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк туралы» ҚР Заңы шеңберiнде).
Бiлiм беру ұйымын жаңғырту және пайдалану мақсатында жекеше әрiптеске «Минкесер орта мектебi» КММ-нiң мүлкi сенiмгерлiк басқаруға берiледi, жекеше әрiптес жаңғыртуды жүргiзедi және 10 жыл бойы бiлiм беру қызметтерiн көрсетедi.
Кәсiпкерлiк субъектiлерiн МЖӘ жобасын жоспарлауға тарту және жоспарлау процесiнiң ашықтығын арттыру мақсатында осы «қызығушылық бiлдiруге сұрау салу» қалыптастырылды.
Қызығушылық танытқан жағдайда келесi ақпаратты ұсынуды сұраймыз:
Ұсыныстар қызығушылық бiлдiруге сұраныс жарияланған сәттен бастап 25 жұмыс күнi iшiнде мына мекен-жай бойынша қабылданады:
«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» КММ; 150010, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58;
Байланыс телефоны: 50-16-53, 46-36-72;
e-mail: uosko@sqo.gov.kz