Хабарландыру

Хабарландыру

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары арасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс жариялайды.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға қажеттілік көлемі Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының сайтында орналастырылған.

Құжаттар 2021 жылғы 5 маусымға дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ қабылданады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 397 бұйрығымен бекітілген «Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.