«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» КММ ҚазақстанРеспубликасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V «Мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк туралы» заңының 36 бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекiтiлген Мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк жобаларын жоспарлау және iске асыру қағидаларының 77 тармағына сәйкес келесi жоба iске асыру үшiн жекеше әрiптестi таңдау бойынша ашық конкурс өткiзiлетiнi туралы хабарлайды.
«Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжi» КММ үшiн 244 адамға арналған жатақхана құрылысы».
Конкурсқа конкурстық құжаттаманың «Бiлiктiлiк iрiктеу» бөлiмiнде көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына жауап беретiн барлық әлеуеттi қатысушылар жiберiледi.
Конкурсқа қатысу және ұйымдастырушыға ұсыну үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi мен әлеуеттi қатысушыларға қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада көрсетiлген.
Конкурстық құжаттама көшiрмелерiнiң топтамасын осы конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап сағат 9-00-ден 13-00-ге дейiн және 14-30-ден 18-30-ге дейiн Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58 үй, № 604 кабинет мекен-жайы бойынша алуға болады.
Конкурстық құжаттама көшiрмелерiнiң топтамасы тегiн берiледi.
Әлеуеттi қатысушылар конкурсқа қатысуға конкурстық өтiнiмдердi, сондай-ақ бiлiктiлiгi бойынша iрiктеу үшiн конвертке желiмделген құжаттарды «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» КММ-ға келесi мекенжай бойынша тапсырады: Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58 үй, № 604 кабинет.
Әлеуеттi жекеше әрiптестiң қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуiн растайтын құжаттарды ұсыну мерзiмi — 2019 жылғы «16» тамыз Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 15.00-ге дейiн қоса алғанда.
Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi — 2019 жылғы «26» тамыз Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 18.30-ге дейiн қоса алғанда.
Конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу 2019 жылғы «27» тамыз Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 15.00-де жүзеге асырылады, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58 үй, № 611 кабинет.
Әлеуеттi жеке әрiптес (оның уәкiлеттi өкiлi) конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн қағаз немесе электрондық тасығышта «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» КММ мемлекеттiк сатып алулар бойынша бас маманы Динара Мәулетханқызы Укеновадан № 604 кабинет, тел.: 8-715-2-46-35-23, 8-715-2 -46-46-96 ала алады.
Анықтамалық ақпаратты «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» КММ 8-715-2-50-16-53 телефоны арқылы алуға болады.