Хабарландыру

Хабарландыру

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ ҚазақстанРеспубликасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» заңының 36 бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 77 тармағына сәйкес келесі жобаларды іске асыру үшін жекеше әріптесті таңдау бойынша ашық конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.

«Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының білім беру ұйымдары мектеп асханаларының мүлкін жаңғырту және пайдалану мақсатында сенімгерлік басқаруға тапсыру». «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының балаларды мектепалды даярлау ұйымдарын жаңғырту және пайдалану мақсатында сенімгерлік басқаруға тапсыру».

Конкурсқа конкурстық құжаттаманың «Біліктілік іріктеу» бөлімінде көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті қатысушылар жіберіледі.

Конкурсқа қатысу және ұйымдастырушыға ұсыну үшін қажетті құжаттар тізбесі мен әлеуетті қатысушыларға қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада көрсетілген.

Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасын осы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін және 14-30-ден 18-30-ге дейін Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58 үй, № 604 кабинет мекен-жайы бойынша алуға болады.

Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасы тегін беріледі.

Әлеуетті қатысушылар конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді, сондай-ақ біліктілігі бойынша іріктеу үшін конвертке желімделген құжаттарды «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ-ға келесі мекенжай бойынша тапсырады: Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58 үй, № 604 кабинет.

Әлеуетті жекеше әріптестің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттарды ұсыну мерзімі – 2019 жылғы «28» қазанда Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 15.00-ге дейін қоса алғанда.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі – 2019 жылғы «6» қарашаға Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 18.30-ге дейін қоса алғанда.

Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу 2019 жылғы «7» қарашада Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 15.00-де жүзеге асырылады, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58 үй, № 611 кабинет.

Әлеуетті жеке әріптес (оның уәкілетті өкілі) конкурстық құжаттаманың көшірмесін қағаз немесе электрондық тасығышта «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ мемлекеттік сатып алулар бойынша бас маманы Динара Мәулетханқызы Укеновадан тел.: 8-715-2-46-35-23, 8-715-2-46-46-96 ала алады.

Анықтамалық ақпаратты «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ 8-715-2-50-16-53 телефоны арқылы алуға болады.