Облыстың мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсу шарттары туралы

Облыстың мамандандырылған білім беру ұйымдарына  оқуға түсу шарттары туралы

2025 жылдың 1 ақпанынан бастап дарынды балаларға мамандандырылған мектептерге 5-7 сыныптарға түсу үшін құжаттарды қабылдау басталды.

Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласында осындай 4 білім беру мекемесі жұмыс істейді: «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» КММ, «Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған «БІЛІМ - ИННОВАЦИЯ» лицей – интернаты» КММ, Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі - өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп - интернат» кешені» КММ, «ЛОРД» дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты» КММ.

Құжаттарды қабылдау туралы ақпарат білім басқармасының, білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында, әлеуметтік желілерде (ата-аналар чаттарында, Оқушылар сарайының LED экранында) орналастырылады.

«Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» КММ, «ЛОРД» дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты» КММ оқуға түсу үшін конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 ақпанынан 15 сәуіріне дейін жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін (15 сәуірден кейін) әрбір мамандандырылған білім беру ұйымының жауапты тұлғасы конкурсқа қатысу үшін үміткерлердің электрондық базасын Конкурстық іріктеуді өткізетін «ДАРЫН» Республикалық ғылыми-практикалық орталығына береді.

Өткізу кестесі мамандандырылған білім беру ұйымдарының және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының интернет-ресурстарында орналастырылатын болады (qabyldau.daryn.kz).

Мамандандырылған Білім беру ұйымдарына іріктеу жүргізу үшін конкурстық материалдарды «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының оқу-әдістемелік кеңесі әзірлейді және бекітеді. Конкурс жыл сайын «ДАРЫН» республикалық орталығының кестесіне сәйкес өткізіледі.

Мамандандырылған білім беру ұйымдарына түсетін үміткерлер үшін конкурстық іріктеу бір турда (тестілеу) өткізіледі. Оқуға түсушілер үшін тестілеу:

5 сыныпқа келесі пәндер бойынша 40 сұрақтан тұрады:

математика және логика-30 сұрақ, оқу сауаттылығы - 10 сұрақ.

6-сыныпқа келесі пәндер бойынша 60 сұрақ: математика және логика -35 сұрақ; оқу сауаттылығы – 15 сұрақ; Қазақстан тарихы-10 сұрақ.

7-сыныпқа келесі пәндер бойынша 75 сұрақ: математика және логика-55 сұрақ; оқу сауаттылығы – 10 сұрақ; Қазақстан тарихы-10 сұрақ.

«Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған «БІЛІМ - ИННОВАЦИЯ» лицей – интернаты» КММ 7-сыныпта оқу үшін конкурстық іріктеуге қатысу үшін 6-сынып оқушыларын тіркеу 1 ақпанда басталып, 12 сәуірге дейін жалғасады. Конкурсқа қатысу үшін алдын ала www.bilemtihan.kz сайтына тіркелу қажет.

«Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған «БІЛІМ - ИННОВАЦИЯ» лицей – интернаты» КММ оқуға қабылдау қағидаларына 2024 жылы мынадай өзгерістер енгізілді: Конкурс 1 турда өткізіледі. Іріктеу туры 11 мамырда барлық аудан орталықтарында және Петропавл қаласында өтеді. Тестілеуде 60 сұрақ бар: математика және логика-50, оқу сауаттылығы-10.

 «Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған «БІЛІМ - ИННОВАЦИЯ» лицей – интернаты» КММ конкурстық іріктеу және қабылдау «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қоры белгілеген тәртіппен жүргізіледі.

Мамандандырылған білім беру ұйымдары «Мың бала» ауылдық мектептер оқушыларына арналған Ұлттық зияткерлік олимпиаданың жеңімпаздары үшін 7-сыныпқа қабылданатын білім алушылардың жалпы санының 10% мөлшерінде квота бекітеді (жеңімпаздар жалпы конкурстан тыс қабылданады).

Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін қабылданатын білім алушылардың жалпы санының 15% мөлшеріндегі квота да бар.

Қабылданатындардың жалпы санынан білім алушылардың 15%-ы іріктелетін халықтың әлеуметтік осал санаттарына мыналар жатады:

  1. ауылдық жерлерден мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балалар;
  2. ата-аналарының бірінің бірінші топтағы мүгедектігі бар балалар;
  3. мүгедектігі бар баласы бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;
  4. жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  5. жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балалар;
  6. Төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;
  7. экологиялық апаттар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасыларға;
  8. мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларына".

Мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға үміткерлерді қабылдау әрбір мамандандырылған білім беру ұйымы бөлінісінде бос орындарға сәйкес ең жоғары ұпай санынан жүзеге асырылады.

 

Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі - өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп - интернат» кешені» КММ келесі мамандықтар бойынша оқушыларды қабылдайды: фортепиано, ішекті аспаптар, үрмелі және соқпалы аспаптар, халық аспаптары, домбырамен ән салу, ән салу, хор дирижері, кескіндеме. Кәсіптік бағдар беру жұмысы 1 қыркүйектен басталып, жыл бойы жүргізіледі. Сондай-ақ, кәсіптік бағдар беру әлеуметтік желілерде үгіттік бейнематериалдарды тарату арқылы жүргізіледі. Қазірдің өзінде оқуға түсуге үміткерлерді алдын ала қабылдауға жазылу жүргізілуде.

Қабылдау комиссиясы өз жұмысын жыл сайын 1 маусымда бастайды. Осы кезеңде мектеп-интернатта оқуға іріктеу конкурсына қатысу үшін үміткерлерге кеңес беру, сондай-ақ оқуға түсу үшін қажетті құжаттарды қабылдау жүргізіледі. Құжаттарды қабылдағаннан кейін қабылдау емтихандары тағайындалады: шығармашылық және жалпы білім беретін пәндер бойынша емтихан.