Омарташылар курстары

Омарташылар курстары

"Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк даярлау және сервис колледжi" ЖМ және "Бал-Ара "Қазақстан омарташыларының ұлттық одағы" ЗТБ арасында жасалған ынтымақтастық шарты аясында омарташыларды даярлаудың айлық курстары өттi.

"Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк даярлау және сервис колледжi" ЖМ жанындағы Hub "ENTERPRISE PLUS PCPT&S" ресурстық орталығының базасында курстарда республиканың келесi облыстарынан: Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы және Алматы қалаларынан 12 омарташы дайындалды.

Курс тыңдаушылары ара өсiру, ара шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу құпияларымен танысты, ара аурулары мен оларды емдеу тәсiлдерiн, сондай-ақ ара шаруашылығы саласының нормативтiк-құқықтық базасын зерттедi.

Теориялық сабақтар ZOOM құралдары бойынша өткiзiлдi. Тәжiрибелiк сабақтарды омарташы мол тәжiрибесi және Рязань Омарташылық институтының дипломы бар өндiрiстiк оқыту шеберi В.Н.Садықов жүргiздi. Практикалық сабақтарда рамалар, ұялар және басқа да омарта жабдықтарын жасау бойынша жұмыстар жүргiзiлдi, тыңдаушылар өздерiнiң құпиялары мен тәжiрибелерiмен бөлiстi.

Тыңдаушылар өз өңiрлерiндегi омарта шаруашылықтарында кәсiби практикадан өтедi.