1 наурыз — Алғыс айту күнi

1 наурыз — Алғыс айту күнi

Алғыс айту күнi — қазақстандық патриотизмнiң, бiрлiк пен достықтың жарқын фестивалi. Қазақстан халқы бұл мерекенi алғаш рет 2016 жылғы 1 наурызда атап өттi.

Алғыс айту күнiнiң өзiндiк ерекше тарихы бар: Қазақстанның халқы мақтан тұтатын ұлы көпұлтты отбасы — бұл бiрнеше көшi-қон толқындарының нәтижесi.

Колледждер қабырғасында әр түрлi iс-шаралар: конференциялар, акциялар, брифингтер, сондай-ақ тақырыптық онлайн-концерттер, конкурстар мен ашық сабақтар өткiзiледi. Олар әр түрлi этностар мен ұлттар арасындағы өзара көмек пен құрметтi нығайтуға, патриотизмге, келiсiм мен жалпыұлттық бiрлiкке тәрбиелеуге бағытталған.

Биылғы жылы Алғыс айту күнiне орай колледж оқытушылары мен студенттерi "Жүректен жүрекке", "Махаббатқа толы жүрек" қайырымдылық акциялары; "Жақсылық бұрышы" кiтаптар көрмесi; түрлi ұлт өкiлдерi-студенттердiң "Рахмет, Менiң Қазақстаным!» сондай-ақ, жастар мен ерiктiлердiң, этномәдени бiрлестiктердiң қатысуымен қайырымдылықты дамытуға және аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған iс-шаралар өткiзу.

Аталған iс-шаралардың негiзгi мақсаты жастардың бойында толеранттылық сезiмiн, бiр-бiрiне құрмет пен достық қарым-қатынасын тәрбиелеу, сондай-ақ өскелең ұрпақ арасында этносаралық келiсiм мен ұлтаралық қатынастарды нығайту болып табылады.

Әрбiр қазақстандық отбасының өзiндiк қайталанбас тарихы, бай ұлттық салт-дәстүрлерi бар. Егер адам рухани дамығысы келсе, ең алдымен ол өзiнiң ата-бабаларын бiлуi керек. Себебi өткендi бiлу болашақтың пердесiн ашатыны белгiлi. Отбасыңыздың тарихын бiлу және оны мұра ету өте қажет, әйтпесе бiз тамырымызды жоғалтып, рухани тозудан өтемiз. Алғыс айту күнi колледж студенттерi «Қазақстан, саған алғыс айтамын!» атты челленджiне белсендi қатысты.

Алғыс айту күнiне орай колледждерде өткiзiлген iс-шаралар оның қабырғасында бiлiм алып жатқан студенттер мен этностар арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етедi. Осындай тәсiл арқылы ғана бiз жастардың лайықты буынын тәрбиелеп, елiмiздi экономикалық және рухани дамудың жаңа деңгейiне шығара аламыз!