
Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығына Start up гуманитарлық-техникалық колледжiнде "Уақыт призмасы арқылы Қазақстан Тәуелсiздiгi" тақырыбында кураторлық сағаттар өткiзуден басталды. Студенттер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi — Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың Қазақстан мемлекеттiлiгiн құрудағы, республикамыздың тұрақты дамуын қамтамасыз етудегi еңбегi туралы ақпаратты тыңдап, Тәуелсiз Қазақстанның қалыптасуына арналған "Желтоқсанның 16 күнi" фильмiн көрiп, талқылады.
Дәстүрлi емес формада "Қазақстанның жаһандық бастамалары. Халықаралық қауiпсiздiкке қосқан үлесi" атты халықаралық конференция өттi, онда балалар өздерiн қызықтырған сұрақтарын қойып, аталған тақырып бойынша жауап ала алды. Аталған iс-шараның мақсаты — оқушылардың зияткерлiк қабiлеттерiн дамыту және осы тақырып бойынша ой-өрiсiн кеңейту.
Студенттердiң Н.Ә. Назарбаевтың "Тәуелсiздiк дәуiрi" атты кiтабымен танысу мақсатында өткiзiлген дөңгелек үстел үлкен қызығушылық тудырды. Iс-шара барысында кiтаптың кейбiр бөлiмдерi қаралып, талқыланды. Iс-шараның тақырыбына сәйкес кiтап көрмелерi рәсiмделдi. Iс-шара соңында Нұрсұлтан Назарбаевтың "Тәуелсiздiк дәуiрi" кiтабының эпиграфына айналған түйiндi сөздерiне ерекше назар аударылды: "Бұл кiтап менi әрдайым қолдаған менiң халқыма арналған. Өзiнiң қазақстандық жолымен болашаққа сенiммен қадам басып келе жатқан халыққа".
Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығын мерекелеу аясында "Қазақстан — ядросыз держава" атты студенттiк конференция өттi. Iс-шараның мақсаты — адамдардың игiлiгi үшiн биосфераны сақтау, Қазақстанның ядролық қарусыздануының жаһандық үдерiсiндегi Елбасының тарихи рөлi.
Start up шеңберiнде өткiзiлетiн барлық iс-шаралар қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру бойынша қойылған мақсаттар мен мiндеттердi iске асыруға ықпал еттi. Патриоттық тәрбие дегенiмiз — жас ұрпақтың өз Отанына деген сүйiспеншiлiгiн бiртiндеп және тұрақты қалыптастыру. Студенттер Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң қалыптасу тарихына қызығушылық танытты, өз Отаны мен халқы үшiн мақтаныш сезiмiн, оның ұлы жетiстiктерi мен өткеннiң лайықты беттерiн құрметтедi.