Бiлiм беру мекемелерiнде оқитындардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша жиналыс өткiзу туралы

Бiлiм беру мекемелерiнде оқитындардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша жиналыс өткiзу туралы

Бiлiм басқармасы Солтүстiк Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментiмен бiрлесiп, 2021 жылы 15 қаңтарында бiлiм беру ұйымдарында оқушылардың тамақтануын ұйымдастыруды түсiндiру бойынша жиналыс өткiздi.

Кездесуге аудандар мен Петропавл қаласының бiлiм бөлiмдерiнiң басшылары, ТжКБ, интернаттық мекемелер, мектептер директорлары, жеке кәсiпкерлермен бiрге қатысты.

Коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын күшейту және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мақсатында Солтүстiк Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментi шектеу шараларын, оның iшiнде карантиндi енгiзу кезеңiне бiлiм беру ұйымдарында тамақтану объектiлерiне қойылатын талаптарды әзiрледi.

Солтүстiк Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментiнiң бiлiм беру және тәрбие объектiлерiн бақылау бөлiмiнiң бастығы Сейiтова Г.М. қызығушылық тудыратын сұрақтар бойынша түсiнiктемелер бердi.

Қойылған талаптарға сәйкес кезекшi сыныптар үшiн мектеп асханаларының жұмысын дайындау басталды (залды толтыру 30%-дан аспауы керек).