Жалпы бiлiм беру ұйымдарының 8-11-сынып оқушылары арасында қашықтан өткiзiлген «Абай әлемi» атты шығармашылық байқауының қортындысы

Жалпы бiлiм беру ұйымдарының 8-11-сынып оқушылары арасында қашықтан өткiзiлген «Абай әлемi» атты шығармашылық байқауының қортындысы

2020 жылдың 10-11 желтоқсанында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай әлемi» республикалық шығармашылық байқауы өттi.

Бұл байқауда республикамыздың жалпы бiлiм беру ұйымдары бойынша жалпы саны 240 астам оқушы бақ сынасқан болатын. Байқау Абай шығармалары бойынша танымдық — теориялық, шығармашылық, логикалық бiлiм-бiлiктерiн сынға салатын 2 айналымнан тұрды. Солтүстiк Қазақстан облысының намысын қорғап, бәйгеге түскен 12 оқушымыз жүлделi орындарға ие болып, марапатқа ие болды. Атап айтсақ, «Жүрегiмнiң түбiне терең бойла» эссе номинациясы бойынша III дәрежелi Дипломмен — Телекеева Нұрай (С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясы, Петропавл қ., 8-сынып оқушысы), Дiнәш Камила («Дауқара орта мектебi» КММ, Айыртау ауданы, 11 сынып оқушысы) II дәрежелi дипломмен Жұмағұл Үмiт (С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясы, Петропавл қ., 10 сынып оқушысы) және де «Мен жазбаймын өлеңдi ермек үшiн...» ақындар мүшәйрасы номинациясы бойынша III дәрежелi дипломмен — Калымова Гульзат Азаматовна («Дауқара орта мектебi» КММ, Айыртау ауданы, 11 сынып оқушысы) Бақ сынасқан барлық қатысушыларға алғыс хаттар берiлдi.