
«Құрмет» орденiмен СҚО Уәлиханов ауданының» № 2 Кiшкенекөл жанындағы интернаты бар орта мектебi» КММ физика пәнiнiң мұғалiмi Жұмабике Рахметоллақызы Мұқанова марапатталды.
Ж.Р. Мұқанова Солтүстiк Қазақстан облысының жетекшi физика мұғалiмдерiнiң бiрi, ҰБТ өткiзу кезiнде облыстық аппеляциялық комиссияның сарапшысы.
Оның педагогикалық қызметiнiң маңызды мақсаты — оқушылардың сыни ойлауын және алған бiлiмдерiн өмiрде қолдана бiлуiн дамыту. Жұмысының лайықты нәтижесi «Болашақ» бағдарламасы бойынша Англияда (Манчестер), Чехияда (Прага), Шотландияда (Абердин) оқыған студенттер, Ресей ТЖМ МӨҚ Академиясының студенттерi (Мәскеу қ.) болып табылады.
Жұмыстың тиiмдiлiгi, оның педагогикалық шеберлiгiнiң өсуi оқушылардың оқу деңгейiмен расталады. Соңғы жылдары физика пәнi бойынша Жұмабике Рахметуллиевнаның сыныптарындағы үлгерiмi 100%-ды, ал бiлiм сапасы 89%-ға дейiн құрайды.