
Ұлы ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидiң 1150 жылдығын мерекелеу аясында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметiне қызығушылығын дамыту мақсатында 2020 жылғы 23-27 қараша аралығында 9-11 сынып оқушылары арасында Әл-Фараби атындағы республикалық ғылыми конкурс өткiздi.
Байқауға облысымыздың жалпы бiлiм беретiн мектептерiнен 14 оқушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Шериев Дәурен I дәрежелi дипломға ие болды.
II дәрежелi дипломдарды — Петропавл қаласының № 7 орта мектебiнiң 11 сынып оқушысы Сурнин Антон, Петропавл қаласының Жалпы бiлiм беретiн Бiрiншi қалалық IT-лицейiнiң 11 сынып оқушысы Ленгард Андрей, ЛОРД дарынды балалар үшiн мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Абдулгазинов Алим, Аққайың ауданының №1 Смирнов ОМ 11 сынып оқушысы Кузнецова Валентина алды.
III дәрежелi диплом — Абу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Абишева Сабина, ЛОРД дарынды балалар үшiн мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Тыртышный Кирилл.
М.Жұмабаев атындағы Жоғары колледж жанындағы жалпы бiлiм беретiн мектеп-лицейдiң 9 сынып оқушысы Нұрбаев Эльдар, №25 жалпы бiлiм беретiн мектептiң 10 сынып оқушысы Курсабаева Томирис, Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы Қожаева Ғалия «Дарын» РҒПО грамоталарымен марапатталды.
Өңiрлердiң салыстырмалы талдау нәтижелерiне сәйкес, Солтүстiк Қазақстан облысының командасы жоғары көрсеткiшпен көшбасшылыққа ендi.
Барлық жеңiмпаздар мен жүлдегерлердi, олардың ата-аналары мен мұғалiмдерiн құттықтаймыз! Сәттiлiк пен жаңа жеңiстер тiлеймiз!