
Бүгiн аудандар мен Петропавл қаласының бiлiм бөлiмдерiнiң, облыстық бiлiм беру мекемелерiнiң басшыларымен кезектi онлайн-кеңес өттi.
Бiлiм беру қызметтерiнiң сапасын арттыру жөнiнде 2020-2025 жылдарға арналған Жол картасын iске асыру мәселелерi қаралды. Кеңес барысында мұғалiмдердiң кәсiби шеберлiгiн арттыруға, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы бiлiм беру сапасындағы алшақтықты азайтуға, педагогтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, бiлiм берудiң әртүрлi деңгейлерiнде оқытудың үздiксiз сабақтастығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Ерекше бiлiм беру қажеттiлiктерi бар балаларды әлеуметтiк қолдау, инклюзивтi бiлiм берудi дамыту, сондай-ақ осы санаттағы балалармен жұмыс iстейтiн педагогтарды әдiстемелiк және практикалық сүйемелдеу мәселелерi де қарастырылды.
Айыртау ауданының Қазақстан Республикасында бiлiм берудi және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламанысын iске асыру барысы қаралды.